ыы

2025 жылғы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында «Таңбалы Алтай: бұрыны мен бүгіні» атты ғылыми семинар өтеді. Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында алынған нәтижелерге негізделіп ұйымдастырылады. Бұл семинар Алтай қазақтарының тарихи және қазіргі таңба-белгілерін пәнаралық негізде зерттеу мәселесіне арналған.

Талқыланатын тақырыптар:

  • Таңба, нышан, белгі ұғымдарының дефинициясы және терминологиялық нақтылығы;
  • Таңба-белгілердің әлеуметтік, құқықтық және сакралды қызметтері;
  • Алтай қазақтарының тарихи таңбалары мен олардың қазіргі этнографиялық ортада сақталуы;
  • Таңба жүйесіндегі аймақтық ерекшеліктер және этникалық сәйкестендіру мәселелері;
  • Таңбаларды ғылыми айналымға енгізу және цифрлық құжаттау әдістері.

Мақсаты:
Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың нәтижелерін, сондай-ақ жоба аясында жиналған материалдарды кең ғылыми қауымдастықпен бөлісу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Міндеттері:

  • Таңба мен белгі ұғымдарын жүйелеу, олардың функцияларын талдау;
  • Таңба жүйесінің қоғамдық ұйымдасудағы, жады мен туыстық құрылымдағы рөлін ашу;
  • Белгілер мен таңбалар туралы деректерді ғылыми айналымға енгізу және заманауи цифрлық құжаттауға бағытталған тәсілдерді ұсыну.

Қатысушылар:
Семинарға археологтар, этнологтар, тарихшылар, өнертанушылар, бейінді мамандықтар бойынша оқитын студенттер, сондай-ақ ғылыми және музейлік мекемелердің өкілдері шақырылады.

Тіркелу бойынша байланыс:
Жанар Елемесова
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
+7 775 391 6646

Барша қызығушылық танытқан мамандарды семинарға қатысуға шақырамыз!

Уақыты: 2025 жылғы 6 тамыз, Астана уақытымен 14:00

Zoom қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/89763864827?pwd=Fdx4hG86ZspdKbQB9fIbOn8tWbTUCj.1

Конференция идентификаторы: 897 6386 4827
Қатысу коды: 473518

Онлайн кім

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр