ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23486716 – «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық ғылыми жобасы аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры м.а. Алмас Сарбасов және ғылыми қызметкер Бұлбұл Сиражева ү.ж. 09-14 тамызы аралығында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына іссапарға барды.
Іссапардың басты мақсаты Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы қазақтарына тән ен-таңба белгілерді жинақтау үшін келісім-шарт жасасу болды.
Іссапар нәтижесінде Баян-Өлгей аймағының әкімі Заңғар Есентайұлымен және Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызымен кездесулер өткізіліп, келісімшарт жасасу мәселесі талқыланды. Нәтижесінде келісімшарт мәтіні қабылданып, Моңғолияның мемлекеттік органдарына ресми мақұлдауға жіберілді.
Сондай-ақ, жобаның 2026 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында этноархеологиялық эскпедиция жүргізу мәселелерін пысықтау үшін Моңғол Алтай петроглифтер кешендерін қорғау әкімшілігінің бастығы, доктор (Ph.D) Өмірбек Биқұмарұлымен және Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, таңбатанушы, доктор (Ph.D) Шынарбек Сейітханұлымен жеке кездесулер өткізіліп, болашақ эскпедицияның уақыты, негізгі бағдарлары және бірлесе жұмыс жасау жоспарлары талқыланды.
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының әкімі Заңғар Есентайұлымен кездесу барысы
Баян-Өлгей аймақтық мұражайының директоры Айшагүл Азаматқызымен кездесу
Моңғол Алтай петроглифтер кешендерін қорғау әкімшілігінің бастығы, доктор (Ph.D) Өмірбек Биқұмарұлымен кездесу
Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, таңбатанушы, доктор (Ph.D) Шынарбек Сейітханұлымен кездесу
Әріптестік алаңы – Баян-Өлгей аймақтық мұражайы


