Семинар «BR22082478 – Қазақ Алтайы ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» ғылыми бағдарламасы аясында алынған нәтижелерге негізделіп өткізіледі.
Семинар Қазақ Алтайының көне тұрғындарының мәдениетіндегі таңбалар мен нышандарды зерттеудің өзекті мәселелеріне, олардың семантикалық және функциялық рөліне, сондай-ақ ерте көшпелілер қоғамындағы визуалды-коммуникативтік жүйедегі орнына арналған.
Іс-шара пәнаралық ғылыми пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылады.
Талқыланатын тақырыптар:
- Дефинициялар мен терминологиялық аппарат (таңба, нышан, тамға);
- Аң стилі – таңбалық-коммуникативтік тіл жүйесі ретінде;
- Интерпретацияның негізгі тәсілдері: құрылымдық-семиотикалық, мәнмәтіндік, салыстырмалы-типологиялық.
Мақсаты:
Ерте көшпелілердің визуалды-коммуникативтік тәжірибелерін заманауи археологиялық деректер мен семиотикалық әдістер аясында қайта қарастыру.
Міндеттері:
- Таңбаларды интерпретациялауға қатысты ұғымдар мен әдістерді жүйелеу;
- Аң стилінің әлеуметтік және сакралды құрылымның көрінісі ретіндегі маңызын ашып көрсету;
- Көшпелі мәдениеттердің визуалды жүйесін әрі қарай зерттеудің әдіснамалық негіздерін талқылау.
Қатысушылар:
Семинарға археологтар, этнологтар, тарихшылар, өнертанушылар, бейінді мамандықтар бойынша оқитын студенттер, сондай-ақ ғылыми және музейлік мекемелердің өкілдері шақырылады.
Тіркелу бойынша байланыс:
Жанар Елемесова
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
+7 775 391 6646
Барлық мүдделі мамандарды семинарға қатысуға шақырамыз!
Уақыты: 2025 жылғы 4 тамыз, Астана уақытымен 14:00
Zoom қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/88159985442?pwd=dhTAzs1ge4DbHKsJltOnaV2gwhXZp0.1
Конференция идентификаторы: 881 5998 5442
Қатысу коды: 8vEsxF


