Археологиялық табылған заттар
1. Сүйектен жасалған тарақ
Қыздардың сәндік әшекейлерінің бірі. Тарақ көп тісті, ұзын әрі жіңішке тістері бар. Тістер орта тұсынан басталады. Тістердің ұзындығы -- 4,5 см, ені -- 0,3 см. Тарақтың жалпы ұзындығы -- 9,5 см, ені -- 7 см. Пішіні -- трапеция тәрізді, жоғарғы бөлігінде тесігі бар. Тістер саны -- 15.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғанды зерттеу кезінде табылған.
2. Күміс пластинадан жасалған маңдай әшекейі
Пішіні тікбұрышты, шеттері жұмырланған. Беті өрнектермен нақышталған.
Өлшемдері: ені -- 5,7 см, ұзындығы -- 31,5 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғанды зерттеу кезінде табылған.
3. Түйме (дөңгелек пішінді)
Піл сүйегінің түсіне ұқсас, ортасында тесігі бар. Диаметрі -- 4 см. Бүйірлері жұмырланған. Ортасында саңылауға орнатылған металл саңылауышы бар: қалпақшасының диаметрі -- 0,7 см, өзегінің ұзындығы -- 1,6 см. Сақталу күйі өте жақсы.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
4. Түйме (дөңгелек)
Диаметрі -- 4,5 см. Ортасында тесік бар, ішінде дөңгелек қалпақшасы бар ұстағышқа ұқсас бөлік орналасқан. Бетінде металл коррозиясы сақталған.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
5. Түйме (дөңгелек, ақ түсті)
Ортасында тесігі бар. Бетінде коррозияланған металл қалдықтары бар. Диаметрі -- 3,4 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
6. Ұршық тасы
Сұр түсті, дөңгелек, жартылай сфера тәрізді. Ортасында дөңгелек тесігі бар.
Өлшемдері: ұзындығы мен ені -- 3 см; тесіктің диаметрі -- 0,7 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
7. Түйме (дөңгелек, ақ түсті)
Ортасында дөңгелек тесігі бар. Диаметрі -- 3 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
8. Ақ түсті түйме (дөңгелек)
Ортасында темір өзегі бар дөңгелек тесік орналасқан. Диаметрі -- 3 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
9. Ақ түсті түйме (дөңгелек)
Ортасындағы дөңгелек тесікте темір өзек орналасқан. Артқы жағында көтеріңкі бөлігі бар. Диаметрі -- 4,4 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
10. Сырға
Гүл пішіндес, ортасында көк түсті тас орнатылған розеткасы бар. Біртұтас жалпақ сымнан жасалған, ұшы ілгішпен аяқталады. Ұзындығы -- 4 см.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.
11. Қанатты бүркіт-грифон бейнеленген салпыншақ
Жылқы әшекейінің қаптамасына жасалған реставрациялық реконструкция.
Материалы -- сары түсті фольга.
Мөлшері: 62×65×5 мм.
Мерзімделуі -- б.з.д. IV--III ғғ.
12. Адам басының бейнесі салынған бляшка
Үлкен, шеттері жұмырланған тікбұрышты ойығы бар. Көз, мұрын, қас, ауыз және құлақ секілді бет-әлпет ерекшеліктері өте дәл берілген.
Мөлшері: 2,5×2,5 см.
Материалы -- күміс, алтын жалатылған.
13. Ажурлы квадрат бляшка
Профильде бейнеленген жүріп бара жатқан бұғы мүсіні салынған. Қысқа құйрығы, үш тармақты жуан мүйіз сабағы анық көрінеді.
Мөлшері: 2,5×2,5 см.
Материалы -- күміс, алтын жалату.
14. Марал мүйізінен жасалған салпыншақ-бляшка
Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, құс басы мен бұғы мүйізді полиморфты екі бейне түріндегі композиция.
Мөлшері: 5,6×4,2 см.
Берел, №36 қорған.
15. Марал мүйізінен жасалған салпыншақ-бляшка
Қарама-қарсы орналасқан полиморфты екі бейне: құс басымен және бұғы мүйізімен бейнеленген.
Мөлшері: 5,4×4,1 см.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.
16. Арқа тәрізді (U-тәрізді) күрделі типтегі салпыншақ-бляха
Жылқы ауыздығының құрамдас әшекей бөлшегі. Бірнеше бөліктен тұрады. Алдыңғы бетінде күрделі оюлы композиция ойылып жасалған. Тостағанша ойық пен жоғарғы жиек арасындағы жіңішке ойықта жоғары қарай еңіс оваль тесігі бар.
Мөлшері: 10×7×5 см.
Берел, №36 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.
17. Көкірекше бляха (тамшы тәрізді)
Өлшемдері:
-- ұзындығы -- 131 мм
-- ені -- 107 мм
-- қалыңдығы -- 6 мм
-- ортасындағы дөңгелек тесік диаметрі -- 22 мм
Берел, №36 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.
18. Сүйектен жасалған бұйым (тікбұрыш пішінді)
Бір шетінде тесігі бар ілмекті бөлімі екі сызық арқылы бөлінген. Орталық бөлігі тік және көлденең сызықшалармен безендірілген. Екінші ұшы кеңейіп, үш сквозной тесігі бар тікбұрыш түріне өтеді.
Өлшемдері: ұзындығы -- 7,7 см; ені: жоғарғы бөлігі -- 1 см, ортасы -- 0,7 см, төменгі бөлігі -- 0,5 см.
Мерзімделуі -- б.з. 7--8 ғғ.
19. Ақ металдан жасалған мониста
Дөңгелек пішінді. Шетінен аз бөлікте тесік бар. Жиегі екі қатар нүктелі өрнекпен көмкерілген. Теріге ұқсас жіпке тағылған, жіптің бекітілген тұсы ақ металмен оралған.
Мөлшері: мониста диаметрі -- 3,3 см; тесік диаметрі -- 0,2 см; жіп ұзындығы -- 2,1 см; бекіткіштің ені -- 0,6 см.
Мерзімделуі -- б.з. 7--8 ғғ.
20. Мониста -- шашқа тағылатын әшекей
Жұқа металл пластина, дөңгелек пішінді, ортасында сквозной тесігі бар. Жиегі екі қатар нүктелі пунсон өрнегімен безендірілген. Жібінің фрагменті сақталған.
Өлшемдері: ұзындығы -- 3,3 см, ені -- 3 см.
Мерзімделуі -- б.з. 7--8 ғғ.
21. Қызыл және қызғылт сары түсті моншақтардан жасалған салпыншақ
Барлығы -- 15 моншақ, ортасында бір ірі көк моншақ орналасқан. Моншақтардың ортасында жіп өткізуге арналған тесіктері бар.
22. Барыс бейнелі сабы бар қола айна
Сабы секіріп бара жатқан барыс түрінде жасалған. Көздері мен құлақтары айқын көрінеді, құйрығы бұралған.
Өлшемдері: жалпы ұзындығы -- 15,2 см; айна диаметрі (сабынсыз) -- 7,8 см.
Берел, №2 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. 4--3 ғғ.
23. Бұғы басы мен жануар протомалары бейнеленген көлемді салпыншақ
Жылқы әшекейінің қаптамасына арналған реконструкция. Салпыншақта бұланның мүсіндік басы, жануар денесінің барельефі және бұлан протомалары бейнеленген.
Материалы: сары түсті металл, композит (негіз реконструкциясы).
Мөлшері: 112×110×60 мм.
Мерзімделуі -- б.з.д. IV--III ғғ.
24. Садақ жебесіне арналған сүйек ысқырық
Бөшке тәрізді, іші қуыс, екі ұшына қарай жіңішкерген. Төменгі бөлігінде үш бүйірлік тесігі бар. Ұштары білікшелер түрінде бедерленген.
Өлшемдері: биіктігі -- 25 мм; ұштарының сыртқы диаметрі -- 10 мм және 13,5 мм; ортаңғы бөлігінің диаметрі -- 17,5 мм; сопақ тесіктер өлшемі -- 4,5×3 мм, 4,5×3 мм, 5×3 мм; тесіктер арасындағы қашықтық -- 10 мм.
25. Садаққа арналған қанат тәрізді сүйек қаптамалар
Екі бөлігі бір-бірінің айнадағы бейнесіндей. Жоғарғы бөлігі дөңгеленген, төменгі бөлігі жіңішкере түседі.
1-бөлік: биіктігі -- 83 мм; ені -- 19 мм; жіңішке бөлігі -- 13 мм; қалыңдығы -- 4 мм.
2-бөлік: биіктігі -- 81,5 мм; ені -- 19,5 мм; жіңішке бөлігі -- 12 мм; қалыңдығы -- 4 мм; штифт тесігінің диаметрі -- 3 мм; штифт ұзындығы -- шамамен 11 мм, диаметрі -- 3 мм.
26. Садаққа арналған ортаңғы сүйек қаптамалар
1-пластина: ұзындығы -- 175 мм; ені -- 27 мм; қалыңдығы -- 4 мм. Ұштары үшбұрыш тәрізді, жоғарғы бөліктері сынған. Бір беті жұмырланып жіңішкереді, екінші беті -- үшбұрышты алаңша сипатында.
2-пластина: ұзындығы -- 179 мм; ең кең жері -- 27 мм; ең жіңішке тұсы -- 5 мм; қалыңдығы -- 4 мм. Бір қыры жұмырланып жіңішкереді, екінші қыры -- көлбеу кеңейеді. Ұштары сынған. Беттерінде ромб тәрізді өрнектер сақталған.
27. Қола шеге
Тікбұрышты пішінді. Бір ұшы жіңішкерген, екінші ұшында саңырауқұлақ тәрізді қалпақша орналасқан.
Өлшемдері: ұзындығы -- 16,5 см; қалпақша диаметрі -- 5,5 мм.
28. Тоттығуы жоғары қанжар
Жалпы ұзындығы -- 30 см, ені -- 4 см.
Жүзінің ұзындығы -- 18 см; сабына жақын ені -- 4 см; ұшындығы ені -- 1 см.
Сабы: ұзындығы -- 8 см; ені -- 3,5 см; орталық бөлігінде 7×0,5 см өлшемді тікбұрышты тесік бар.
Қорғауышы: ұзындығы -- 5,5 см; ені -- 1 см.
Сап басы: саңырауқұлақ тәрізді, едәуір тотығып зақымданған; ұзындығы -- 4 см; ені -- 2 см.
29. S-тәрізді екі тесікті псалий, бұлан-грифон протомалары бар
Өлшемдері:
-- ұзындығы -- 129 мм
-- ені -- 47 мм
-- қалыңдығы -- 13 мм
Берел, №36 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.
30. Маңдай әшекей тақташасы диск тәрізді, бұғы мүйізінен жасалған
Артқы жағында бекітуге арналған тесіктері бар. Пішіні сопақша созылған. Диаметрі -- 8,5 см.
Берел, №36 қорған.
Мерзімделуі -- б.з.д. III--I ғғ.


