ыы
📅 18 мамыр 2025 жылы “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Халықаралық музей күнінеарналған арнайы тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – келушілерге Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, археологиялық жәдігерлердің құндылығын көрсету және тарихқа қызығушылығын арттыру болды. 🔍 Экскурсия барысында келушілер: • Берел қорғандарындағы археологиялық қазбалар мен сақ дәуірінің мұраларымен танысты; • Ежелгі көшпелілердің өмірі, қару-жарағы мен ат әбзелдерінің ерекшеліктері туралы тың деректер алды; • Музей ішіндегі көрме залдарын аралап, жаңа экспонаттарды тамашалады. Халықаралық музей күні – бұл тек бір күндік мереке емес, ол – мәдени мұраға деген құрмет пен жауапкершіліктің көрінісі. ⸻ 📍 “Берел”музей-қорығы – тарихпен байланыс орнататын орын!

Онлайн кім

Қазір 113 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр