Жаз шыға сала Берел қорық мұражайын тамашалауға ағылатын туристер саны жыл сайын артып келеді.

Ал қорық қызметкерлері меймандарға барынша қонақжайлық танытып, бар мүмкіндікті жасауда. Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен “Патшалар жазығының” 3 шақырымнан астам жері қоршалды.

Өрнекті қоршаудың кіреберісі арбаның дөңгелегі іспеттес жасалған. Сонымен қатар, алтын адам мен еті бұзылмаған жылқылар шыққан 11 қорғанның үстінен де саркофаг салу жұмыстары қолға алынды. Бірақ бұл жерге жәдігерлердің түпнұсқсы емес, көшірмелері қойылмақ.

Онлайн кім

Қазір 239 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр