«Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайының» құрылғанына 8 жыл өтсе де оның қорында жәдігерлер жоқтың қасы еді. Оның өзіндік себебі де бар. Берел қорғандарындағы «Патшалар жазығына» негізгі қазба жұмыстары 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында жүргізілген болатын, ал мұражай 2008 жылы құрылды. Яғни мұражайдың жоқтығынан табылған заттардың барлығы да қорғандарымызды қазған археологиялық институттың немесе республикамыздағы атақты мұражайлардың меншігіне айналып солардың көрме залдарын толықтырды.

Қазіргі таңда Берел тарихи ескерткіштеріне деген шетелдік туристер мен өз еліміздегі халықтың да қызығушылығы артуда. «Берел» тарихи-мәдени қорық мұражайының ұжымы келушілердің қызығушылығын тек қана сөзбен және қазылған обалардағы тастармен қанағаттандырып отыру мүмкін еместігін атап көрсетіп, салалық министрлікке де, археологиялық институттарға да жәдігерлерді қайтару жөнінде бірнеше рет ресми хаттар да жолдаған еді.

Енді міне сол өтініштердің негізінде археолог Зайнолла Самашевтің атсалысуымен Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының филиалында сақтаулы тұрған бірқатар жәдігерлер мұражайымызға қайтарылуда. Берелдегі обалардан табылған жәдігерлердің бір бөлігі биылғы қаңтар айында қайтарылып, арнаулы комиссиямен тізімделіп біздің мұражайдың қорына өткізілді. Өткізілген жәдігерлердің ішінде бастапқы қалпын жақсы сақтап қалған да заттар бар. Оларды атап көрсетер болсақ ұзындығы 16,5 см болатын қоладан жасалған шеге, қола айна, тас қайрақ, әртүрлі асыл тастардан жасалған моншақ, темір ауыздық, қоладан жасалған түйме, күміс және алтын фольгалардың қалдықтары т.б заттар. Қазіргі кезде осы археологиялық заттарды толығымен сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында қорық-мұражайдың көрме залы толық стандарттық талаптарға сай келетіндей етіліп қайта жабдықталуда. Алдағы мамыр айынан бастап мұражайдың көрме залы келушілерге толыққанды қызмет көрсете алады деп отырмыз.

Онлайн кім

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр