“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен “Ел Тәуелсіздігі” атты сабақ-көрме Катонқарағай ауданы бойынша ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара Катонқарағай ауылының “С.Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-сінде өткізілді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы мәдениет саласындағы оң жетістіктерді (археологиялық) оқушыларға жеткізу мақсатында ел тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды. “Берел” музей-қорығының қорынан қойылған 20-ға жуық құнды жәдігерлер оқушылар назарына ұсынылды.

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр