✅Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып аталып өтеді. ✅Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. ✅Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды. ✅Акция аясында 2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар “Берел” музей-қорығына тегін кіре алады. ✅Бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер тұрақты түрде тегін қатыса алатынын атап өту қажет. Үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Онлайн кім

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр