✅“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Алтай ауданының оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді.

✅Мектеп оқушылары Алтай субрегионында өмір сүрген скиф-сақ көшпелі тайпаларының әлеуметтік баспалдағындағы ең биік орындағы кісіні жерлеуге арналған құрылымы жайлы мол ақпарат алды.

❇️ Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырлар аралығындағы осы өлке тұрғындарының әлеуметтік-мәдени дамуы мен дүниетанымының қайталанбас ерекшеліктерін музей-қорықтың экспозиция залдарында орналасқан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер көрсетеді.

❇️Сол кездегі қолөнершілік пен зергерліктің өресі, ой мен танымның кеңдігі келушілермізге үлкен таңданыс тудырды.

Онлайн кім

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр