Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. 1-ші маусым күні «Берел» музей-қорығында арнайы балаларға арналған тақырыптық экскурсия өткізілді. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі болып табылады. Музей-қорық құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштердің ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтаудың маңызы түсіндірілді. Музей аумағында экскурсия мен қатар алтыбақан тебу, ойын түрлері ұйымдастырылды.  Болашақ өскелең ұрпақтың қолында болғандықтан жас буынға ерекше көңіл бөлудеміз.Бұл күні оқушылар музей-қорықтың ашылу тарихымен танысып,  өскелең ұрпаққа мол мәдени мұрамыз паш етілді. 

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр