Шығыс Қазақстан облысының “Қонақжай жанұя” бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл-Қазақ тілін үйрету мақсатында облыстан келген оқушылар жазғы дамалыстарының бір күнін Берел музей- қорығында өткізді. Осы күні балаларға танымдық экскурсия өткізіліп, арнайы “Мен археологпын” атты іс- шара, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар, археология мамандығы бойынша мәлімет алып, өздерін археологиялық қазба жұмыстарында сынап көрді. Болашақта мамандық таңдауға бағдар берілді.




