«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері Катонқарағай ауданы, “Үлкен Нарын ауылдық лицейінің» 5-11 қазақ және орыс тілді сынып оқушыларына, «Беделі бағаланған - Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды.  «Беделі бағаланған - Берел» атты Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты:  Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел музей-қорығының» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау.  Өлкетану бойынша, өлкеміз куә болған, өткен дәуір ерекшеліктері мен әр дәуірге сай ескерткіштерді оқушыларға танытып, айқындау.  Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр