"Құпияға толы Берел"
- Подробности
- Автор: admin
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері 2021 жылдың ақпан айынан бастап Катонқарағай ауданының мектептерінде «Құпияға толы Берел» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастыруда. Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен Берел қорық-мұражайының даму тарихы туралы аудан тұрғындары мен оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шара 2021 жылдың мамыр айына дейін өткізіледі.
Онлайн кім
Қазір 111 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр