Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында туған. 1994 жылы 28 қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік парызын өтеу кезінде қаза тапты. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында интернационалист жауынгер, шекарашы батыр, ШҚО, Катонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырхановтың туғанына 50 жыл (1975-1994) толуына орай дөңгелек үстел өткізді. Күршім шекара басқармасына қарасты, «Өрел шекара бөлімшесінің» сарбаздары қатысқан іс-шарада ерліктің өшпес ізін қалдырған, арманы әскери қызметкер болу болған Раджан Батырханов еске алынды. Батырдың туған жері Катонқарағай ауылында Раджан атында көше бар, 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» заставасына Раджан Батырхановтың есімі беріліп, обелиск орнатылды.

Онлайн кім

Қазір 485 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр