12.02. – 12.03. 2020 ж Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи қорық музейінде «Алтын Алтай» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында Берел жылқысының ат-әбзелдерінің көшірмесі, Берел қорық-музейінің соңғы 3 жылда Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттар,2019 жылғы қазба жұмыстарыкезінде табылған алтын заттар және Берелдегі б.з.д ІІ-І ғасыр кезеңімен белгіленген қорғаннан табылған сүйектен ойылып жасалған бұғы-грифон ат әбзелдерінің әшекей бұйымдары және тағы басқа құнды жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Берел қорық-музейінің» ұжымы биылғы жылы да Катонқарағай өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі он балаға дәстүр бойынша сый-сияпаттар жасап, материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, облысымыздағы Серебрянск қаласындағы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп –интернаттын тәрбиеленушілеріне мереке қарсаңында киім-кешек пен азық-түлік сыйлап, демеушілік көмек көрсетті.
14 наурыз – Көрісу күні. Мереке күніне орай, «Берел» қорық-музейі ауылдық кітапханамен бірлесіп, осы көне дәстүрді сақтай отырып, «Көрісу күнін» тойлады. Мерекелік шара барысында бірлесе иық тіресіп қызмет атқарып келе жатқан мекемелерді қонаққа шақырып,, дастархан жайып, ізгі тілектерімен бөлісті. Сонымен қатар, ауылдың үлкендері, апаларымыз да белсендік көрсетіп, амал мерекесін тойлауға келді. Биыл қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып жатқандықтан, осы күні Абайдың әндері айтылып, өлеңдері кеңінен оқылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы «Волонтер жылы» аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жылпыұлттық жобаныіске асыру жоспарланған болатын. Осыған орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне «Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша «Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында археологиялық жұмыстарға волонтерлар жолданды. Осыған орай Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларынан құралған еріктілерБерел қорық-музейі зерттеп жатқан «Таутекелі қорымында» қазба жұмыстарына қатысса, тамыз айының 10 жұлдызынан бастап Түркістан облысының еріктілерінен құралған тағы бір топ Берелдегі қазба жұмыстарына қатысуда. Қазба жұмыстарына қатысқан еріктілер біздің өлкеміздегі осынау киелі мекенге келіп, тарихты зерттеуге өз үлестерінқосып жатқандарына мақтаныш тұтатындарын айтып, мүмкіншілік болса тағы да келеміз деген ниетпен аттанды.