Димаш Құдайбергеннің 19 қараша күні Лондонның "Indigo at the O2" алаңында өткен концертіне әлемнің 45 елінен тыңдармандар жиналған. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Димаштың Лондондағы көптен күткен концерті де өз мәресіне жетті.

21 11 2018 1

Димаш Құдайберген билеттері әп-сәтте сатылып кеткен концертінен түскен ақшаны өз қалауымен жас таланттарды қолдау қорына аударғысы келетін жасырмады.

Дайындық жұмыстары, көптеген қобалжулы сәттер артта қалып, көңілдегі толқулар да басылғанын айтқан Димаштың әкесі Қанат Айтбаев мәдениет және спорт министрлігіне алғысын білдірді.

“Боламын деген баланың бетінен қақпай, белін буған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ Димаштың өнер жолында шыңдалуына сүбелі үлесін қосқан ұстаздарына, студент кезінен сенім артып, көптеген додаларға баруына, Сербия, Италия, Франция, Ресей, Түркия елдерінде өткен көрнекті концерттік шараларға қатысуына зор қолдау білдірген мәдениет және спорт министрлігіне ризашылығымызды жеткізгім келеді. 

21 11 2018 2

Министрліктің қолдауымен 2017 жылы "Астана-аренада" "Бастау" атты аса ауқымды концертімізді өткіздік. Ал бүгін Лондон төріндегі әдемі шараның өтуіне де өз септіктеріңізді тигіздіңіздер", - деп ағынан жарылды Қанат Айтбаев.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Лондонда өткен концертін "Алға, Қазақстан" әнімен аяқтаған.

Екі сағат бойы жанды дауыста ән орындаған әнші өзінің суықтап қалғанына да қарамаған.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің жеке кешінің билеттері сатылымға шыққан сәтте өтіп кеткен.

Онлайн кім

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр