04 02 2015

Ақпан айының 4 жұлдызында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебінде «Құпияға толы Берел» атты тақырыбында көшпелі көрме өткізді. Аталмыш шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Көрменің негізгі мақсаты: қатысушыларды Берел тарихымен және де Астана қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты филиалында зерттеуде болған көптеген жәдігерлердің қайта оралуына байланысты олармен толығырақ таныстыру, оқушылардың мұражай туралы білімдерін нығайту мақсатында болды.

Көшпелі көрмені ашып, сөз алған Қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің басшысы Сарбасов Алмас, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап өткізіліп отырған көшпелі көрменің қатысушылар үшін маңызы зор екенін, сонымен қатар, Берел мұражайының болашағы туралы және алдағы уақытта мұражай әлі де көптеген жәдігерлермен толықтырылатыны жөнінде айтып өтті. Көшпелі көрме нәтижесінде қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен білгендерін мұражайдың тілек және ұсыныс кітабына алғыс ретінде жазып қалдырды. Мұндай шараларды жыл көлемінде өткізу жоспарымызда бар.

Онлайн кім

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр