10 02 2016

2016 жылғы 10 қаңтар күні «Рыков атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Нуриева Даметкен Садуоқасқызы

6 сынып оқушыларымен «Ерте темір дәуіріндегі Берел қорымдары» тақырыбында Онлайн сабақ өткізді.

Сабақта мұғалім аймақтық компоненттерді,АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып,оқушылардың шығармашылығын,белсенділігін арттыруға, олардың ой-пікірін қалыптастыруға,тіл мәдениетін дамытуға,елін,туған жерін сүйетін патриоттар тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлді.

Сабаққа шақырылған «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- мұражайының қызметкері Елемесова Жанар Қайратқызы Берел қорымы туралы оқулықтан тыс мағлұматтар беріп, соңғы жылдары табылған жәдігерлерді таныстырды. Оқушылар мұражай жәдігерлерін өз көздерімен көрді.

Онлайн кім

Қазір 92 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр