
14 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайымен Е.П.Рыков атындағы орта мектеп бірлесіп, мерекелік іс –шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Оқушылырға тәуелсіздіктің тамашаларынан мағлұмат берумен қатар, ұлтжанды болуға тәрбиелеу көзделді. Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз, «Мәдени мұра» аясында «Берел» мұражайының дамуы жайлы қысқа метражды фильмдер көрсетіліп, оқушылар арасында сұрақ-жауап бойынша әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Оқушыларға алдын ала берілген «Тәуелсіздік тамашалары» атты, шығарма жарысының қорытындысы айтылып, марапаттау рәсімі болды. Сонымен қоса Желтоқсан оқиғасына қатысқан Тайсарина Күлән Нұрғазықызын қонақ етіп, «Берел» қорық-мұражайы атынан құттықтау сөзбен мадақтама, сыйлық тапсырылды.


