22553054 510187819346094 1605892241743768615 o

Елімізде тұңғыш өткізіліп отырған «ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі» ел дамуын әлем халықтарына паш етумен қатар, қазақ елінің қарыштап дамып келе жатқанын көрсетті. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бұл шарада абыроймен, бас бармақпен баға қойғандай болып атқарылды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар тек Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жерлерімен қоса тарихи орындарға келіп, өздерінің шексіз қуанышты екендіктерін жасыра алмады.

Осы ЭКСПО – 2017 халқаралық көрмесінде «Берел» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық – мұражайы да түп тарихымызды таныстыру мақсатында Астана қаласына «Берел құпиялары» деген атаумен көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрме мақсаты жоғарыда айтылғандай келген қонақтармен Республикадағы қандастарымызға сақ дәуірі мен Түркі дәуірінен, яғни ата – баба мәдениетінен мағлұмат беру.

Бұл көрмеге осы ЭКСПО аясында суретші, мүсінші Қалиолла Ахметжанның «Берел» мұражайы тапсырысымен жасалған сақ қоғамының ат әбзелдерімен жасалған жылқысы және басқа да құнды жәдігерлері ел назарына ұсынылды. Көрме Астана қаласының Әскери тарихи-музе22769686 510187816012761 2700899991083309728 oйінде арнайы дайындалған көрме залына қойылды.

22555541 510187799346096 7912583388971627001 o

Онлайн кім

Қазір 95 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр