09 04 2018

2015 жылдың 1 желтоқсанында - Тұңғыш президент күніне орай Астана қаласында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі ашылған еді. Мәдениет ошағы, тұрғындар, оның ішінде өскелең ұрпақ отандық әскердің тарихымен танысып, патриоттық тәрбиені шыңдайтын рухани орталығы болмақ. 

Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері өткен 2016- жылдың шілде-тамыз айларында «Берел» қорық мұражайымен байланыстар орнатып, Берел қорғандарында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарына қатысып, мұражайдың негізгі жұмыс бағыттарындағы ерекшеліктерімен танысып,тажірибе алмасып кетті.

Байланысты нығайту мақсатында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» Әскери-тарихи музейінің ашылғанына 1 жыл толуына және Қазақатан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың ақпан айына дейін Әскери музейдің ежелгі залында республикалық дәрежедегі көшпелі көрме ұйымдастыруда. Көрменің ашылу салтанатына Берел қорғандарын 1998 жылдан бастап зерттеп келе жатқан профессор, тарих ғылымдарының докторы, археолог Зайнолла Самашевпен «Берел» қорық- мұражайының қызметкері Сегізбаева Жәния қатысты. Көрмеге келген конақтар Берел қорғандарының тарихымен, ерекшеліктерімен және қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлерімен таныстырылды. 

Көрме барысында келушілерге Берел қорымынан табылған археологиялық ескерткіштер, шын мәніндегі әлемдік үлкен жаналық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланғандығы, ұлы даланың кіндігі болып отырған осы Алтай жерінде ежелгі дәуірлерде скиф-сақ және сармат тайпаларының мекендегені, олар ат құлағында ойнаған жауынгер әрі батыр кісілер болғандығы туралы айтылды. Қазба барысында табылып жатқан дүниелер – олардың металл қорытып, металды өндеуші болғандарын, қолдарынан бал тамған зергер, шебер суретші болғандарын дәлелдейді. Скиф-сақтардың мұндай асқан шеберліктерін табылған әшекейлік бұйымдардың қай- қайсысы да айғақтап бере алатындығы көрсетіліп түсіндірілді. Мұнда қорған астында мәңгілік тоңның пайда болуына байланысты мәйттің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ертоқым мен маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киізден жасалған бұйымдар, бастапқы күйінде сақталған заттар туралы да ақпарат берілді.

Іс-шара барысында «Берел» қорық мұражайы Әскери-тарихи музейге сыйлық ретінде 1917 жылғы неміс әскерінің әскери қапшығын сыйға тартты,одан басқа мұражайға керекті кеңсе техникасын, суретші Мухтарханова Аяулымның «Жайлау» атты суретін және алғыс хат табыстады. Одан бөлек Катон-Қарағай ауданының құрметті азаматы, жазушылар одағының мүшесі, журналист ақын Жәнібек Қызыр «Берел» мұражайы арқылы Әскери-тарихи музейге өзінің үш томдық «Ерлік-Дастан» кітабын қолтаңбасымен сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр