26 07 2018 1

«Берел» қорғандарын көрем деушілер жыл санап артып келеді. Шет ел азаматтары осынау Қазақстанның шығысында орналасқан киелі мекенге ат терлетіп келіп жатқанын көргенде бір марқайып қаларың хақ. Осы өңірге Катонқарағайға  жұмыс сапарымен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ келіп, Берел мемлекеттік қорық-музейі аумағында болып қайтты.

Тікұшақтан түсе салысымен, Мартинэ мырза бірден “Патшалар жазығындағы” қорғандарды аралаудан бастады. Берел өңірінен табылып жатқан жәдігерлерімен қоса тамылжыған табиғатын тілге тиек етті. Профессор Зайнолла Самашевтан қазбаның бүге-шүгесіне дейін сұрап қызығушылығын жасыра алмады.

 – Бұл  жер туралы әлемдегі туристер әлі білмей жатқан болуы керек. Берелдегі жазық жаһандық туризм орталығы ретінде өркендеп, дамуы тиіс. Мен бүгінгі көргеніме таң қалып, таңдай қаққаннан басқа айтарым жоқ, – деді Ф.Мартинэ

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр