26 08 2018 1

2018 жылдың 10 шілдесі күні «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 10 жыл, Берел қорымының ашылуына 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен «Арқадан Алтайға» атты көрменің ашылу салтанаты өткізілді. Көрменің ашылу салтанатына Әскери-тарихи музейінің директоры Перизат Утепова, Парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, жазушы Әлібек Асқаров қатысып құттықтау сөз сөйледі.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің қорындағы ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің әскери тарихы мен әскери өнерінен сыр шертетін жәдігерлер қойылып көрермендер назарына ұсынылып, келушілерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің қызметкері Руслан Әшімовтың садақ атудан шеберлік сыныбы өткізілді. 

Көрменің ресми қолдау көрсетушілері: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

Көрмеге қойылатын ұрыс қарулары – садақ пен жебе, қанжар, шақан, найзалар және т.с.с. жәдігерлерді көру арқылы баһадүр ата-бабаларымыздың жауынгерлік рухынан қуат алып, олардың аманатын бір сәтке болса да сезінгіңіз келсе киелі мекен, күллі түркінің алтын бесігі саналатын Алтайға, әрісі сақ патшалары, берісі түрік қағандарының мәңгілік мекені болған Берел жазығына келіңіздер. 

Көрме 2018 жылдың 10 шілдесінен 10 тамызына дейін жалғасады.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр