Тағылымды кездесуге Катонқарағай ауданының Желтоқсан оқиғасына қатысқан ардагерлері қатысып, Тәуелсіздік жолындағы өз бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті. Шара барысында ел еркіндігінің мәні, ұлт рухы мен азаттықтың қадірі жөнінде ойлар айтылды.
Іс-шара жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттыруға, өткенді құрметтеуге және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.


