“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Осы ұлы мереке қарсаңында “Берел” музей-қорығының ұжымы тыл еңбеккерлері, Катонқарағай ауданының тұрғындары - Есеева Сара апамыз бен Урсаринова Шолпан апамызды құттықтап қайтқан болатын. 

“Берел” музей-қорығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясы аясында музей-қорыққа қарасты Шілікті қорғандарында сенбілік жүргізіп, қорғандар аумағын тазалады.

“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығының қызметкерлері Бұланты өзенінің бойына қар суының еруіне байланысты су тасқыны қауіпін алдын-алу мақсатында бөгеттер орналастырды.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жас турист станциясы» КММ - сі және де “Катонқарағай ауылдық кітапханасы” бірлесе 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында “Берел” музей-қорығының кітап қорынан “Бір ел, бір тағдыр” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту жолында жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Мереке құтты болсын! 

Who's Online

We have 94 guests and no members online