ыы
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында алаңдарды абаттандыру, маусымдық тазалау және жақсарту бағытындағы шаруашылық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Музей аумағы көктемгі тазалықтан өткізіліп, жасыл желек күтімі, киіз үй мен басқа да нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл – келушілерге жайлы әрі тартымды орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мақсатымыз – тарихи мұрамызды сақтай отырып, сапалы қызмет көрсету! #БерелМузейі #ШаруашылықЖұмыстар #ТарихиМұра #МәдениҚорық #Берел2025
Бүгін біздің музейге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің болашақ мамандары қонақта болды. Олар Берел қорғандарының тарихи-мәдени мұраларымен танысып, көне дәуір ескерткіштері мен археологиялық жаңалықтар туралы терең мағлұмат алды. 🔍 Экскурсия барысында студенттер: • ежелгі сақ мәдениетінің құпияларымен танысты, • көне жәдігерлерді көзбен көріп, сұрақтар қойды, • тарихты жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосады. 📸 Кездесуден естелік суреттер мен жағымды әсерлер көп! Берел – тарихпен тілдесетін мекен! #БерелМузейі #СәрсенАманжоловУниверситеті #ТарихиМұра #ЖастарЖолымен #Берел2025
“Берел” мемлекеттік тарихи мәдени-музей қорығында “Өшпес ерлік-ұмытылмас уақыт” атты көрменің ашылу салтанаты өтті.  ⚜️Музей-қорық қызметкері Сатенбаева Асем келушілерге, биыл 100 жылдық мерейтойы тойланып отырған композитор Нұрғиса Тілендиевтің “Әлқисса” күйін орындады.  ⚜️Көрмеде Катонқарағай ауданының соғыс және тыл ардагерлерінің жеке заттары мен орден медальдары қойылды.  Атап айтқанда, соғыс ардагері Сатенбаев Сүгірбай, Умиртаев Балтабайдың, тыл ардагерлері Тиманов Ерембек пен Бадижамалдың өмірінен сыр шертетін заттары, Федор Қалымұлының коллекциясы музей-қорықтың қорына қабылданып, экспозицияны құрады. Ауданымыздың ақын-журналисті Жәнібек Қызырдың “Ерлік дастан” кітабы да қалың жұртшылыққа ұсынылуда. Көрменің басты жәдігерлерінің бірі Шпагин автоматы (ППШ-41) келушілердің ерекеше назарына ие болды.  Іс-шара тақырыптық экскурсиямен жалғасын тапты.  ✅Көрме 2025 жылдың қыркүйек айына дейін этнография залында өткізіледі.  “Берел” музей-қорығының ұжымы “Өшпес ерлік - ұмытылмас уақыт” көрмесіне ат салысқан ардагерлердің ұрпақтарына алғыс білдіреді! 
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына ҚХР-ден туристер тобы келді! Қонақтар ежелгі Берел қорғандарын тамашалап, сақ дәуірінің ғажайып мұрасымен танысты. Алтын әшекейлер, ежелгі жауынгерлер мен жылқылардың жерлену дәстүрі туралы тың ақпарат алды. Табиғаты таңғажайып Берел алқабы шетелдік қонақтарды тәнті етті! Туристер қазақ халқының бай тарихына қызығушылық білдіріп, болашақта қайта келетіндерін айтты. Берел — ұлы дала тарихының жүрегі! Бізбен бірге болыңыздар! #Берел #МузейҚорығы #Тарих #Туризм #KazakhstanTravel
💡 2025 жылдың 10-14 наурыз аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Зооархеологиялық зертхана меңгеруші Мамбет Шагирбаев “Берел” музей-қорығына іссапармен келіп қайты. ✅ Іссапардың басты мақсаты музей-қорықтың археология залына жаңадан құрылып жатқан экспозициясына жылқы қаңқасының зоологиялық қалпын құрап, музей саласына жаңа серпіліс беру болды. Нәтижесінде , археология залында жаңа экспозиция жасақталды. “Берел” музей- қорығының ұжымы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтына алғыс білдіреді.

На сайте

Сейчас на сайте 81 гость и нет пользователей