📚🎓 Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері Берел музей-қорығында! 🏛️
Информация о материале
Автор: admin
Бүгін біздің музейге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің болашақ мамандары қонақта болды. Олар Берел қорғандарының тарихи-мәдени мұраларымен танысып, көне дәуір ескерткіштері мен археологиялық жаңалықтар туралы терең мағлұмат алды.
🔍 Экскурсия барысында студенттер:
• ежелгі сақ мәдениетінің құпияларымен танысты,
• көне жәдігерлерді көзбен көріп, сұрақтар қойды,
• тарихты жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
📸 Кездесуден естелік суреттер мен жағымды әсерлер көп!
Берел – тарихпен тілдесетін мекен!
#БерелМузейі #СәрсенАманжоловУниверситеті #ТарихиМұра #ЖастарЖолымен #Берел2025