«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығына орай «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында хылықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның тақырыбы: «Көне түркі зерттеулеріндегі келелі мәселелер: ерте дәуірден бүгінгі күнге дейін». Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев; Мажарстан Ғылым Академиясының ғалымы Ласло Папп Шандор; Мажарстан Ғылым Академиясының профессоры, түріктанушы, тарихшы, этнограф Дәуіт Шомфай Қара; Е.Гумилев атындағы ЕНУ-ң профессоры Задаш Оразғалиевна және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң, аудан мектептерінің тарихшы ғалымдары қатыстысып, Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының ерекшеліктері, тарихы мен маңыздылығы туралы сөз қозғалып, археологиялық іс-тәжірибе, музей мен мектеп байланысының маңыздылығы, көне түркі таңбалары мен ғұн-сәнби ескерткіштері туралы мәселелелер талқыланды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға Берел қорымына танымдық экскурсия ұйымдастырылып, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
https://berel-museum.kz/en/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/661-k-ne-t-rki-zertteulerindegi-keleli-m-seleler-erte-d-uirden-b-gingi-k-nge-dejin.html#sigProId1d8db234e9