«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығына орай «Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының  ескерткіштері: халықтардың Ұлы қоныс аударуының және Еуразияның этномәдени құрылымының қалыптасуының бастаулары» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында хылықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. 

Конференцияның тақырыбы: «Көне түркі зерттеулеріндегі келелі мәселелер: ерте дәуірден бүгінгі күнге дейін». Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев; Мажарстан Ғылым Академиясының ғалымы Ласло Папп Шандор;  Мажарстан Ғылым Академиясының профессоры, түріктанушы, тарихшы, этнограф  Дәуіт Шомфай Қара; Е.Гумилев атындағы ЕНУ-ң профессоры Задаш Оразғалиевна және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң, аудан мектептерінің тарихшы ғалымдары қатыстысып, Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының ерекшеліктері, тарихы мен маңыздылығы туралы сөз қозғалып, археологиялық іс-тәжірибе, музей мен мектеп байланысының маңыздылығы, көне түркі таңбалары мен ғұн-сәнби ескерткіштері туралы мәселелелер талқыланды. 

Конференция соңында барлық қатысушыларға Берел қорымына танымдық экскурсия ұйымдастырылып, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

На сайте

Сейчас на сайте 95 гостей и нет пользователей