ыы
Белгілі реставратор, мәдени мұра жанашыры Крым Алтынбеков мырза халқымыздың өткенінен сыр шертетін жаңа жәдігерлерді ресми түрде табыстады! 🛡️ Бұл жәдігерлер – тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабаларымыздың рухани, мәдени байлығының айғағы. 🔍 Әрбір деталі — ғасырлар қойнауынан жеткен үн, ұлттық кодымыздың бір бөлшегі. 📍 Жәдігерлер жақын күндері көпшілік назарына ұсынылады. Бұл – тарихқа деген құрметіміздің, келешекке деген жауапкершілігіміздің жарқын көрінісі. 🙏 Крым Алтынбековке осындай баға жетпес еңбегі үшін алғысымыз шексіз! #МәдениМұра #КрымАлтынбеков #ЖаңаЖәдігерлер #ҰлттықҚазына #БерелМұрасы
Бүгін Е.П.Рыков атындағы орта мектебінде ерекше мазмұнды сабақ өтті. Сабақ тақырыбы - “Көшпелі тайпалар тарихы” Оқушылар қазақ даласының ежелгі тарихына үңіліп, Берел қорғандарының археологиялық, мәдени және тарихи маңызын терең түсінді. Сабақ барысында интерактивті сұрақ-жауап пен талдау жүргізілді. Берел қорғандары — сақ дәуірінің жарқын мұрасы. Бұл сабақ жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастырып, елдік құндылықтарды бағалауға баулыды. 📸 Оқушылар қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ортаға салып, тарихи танымдарын кеңейтті. #БерелҚорғандары #ТарихСабағы #ЕПРыковМектебі #ҰлттықМұра #РуханиЖаңғыру #МәдениМұра
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды! Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1281 қаулысымен бекітілген. Мақсаты – қоғамның рухани дамуына үлес қосып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау және құрмет көрсету.
Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бұл – ерлік пен елдікке тағзым ететін қасиетті күн. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен жанқиярлықтың жарқын символы. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында жауынгерлік пен тылда еңбек еткен аталарымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі. Олардың есімі мен ерлігі – мәңгілік жадымызда. Бейбіт өмір, ашық аспан, амандық тілейміз! Батырлар рухы біздің жүрегімізде! Ізгі тілекпен, “Берел” музей-қорығының ұжымы.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Молқыбаева Күлсара Изенбайқызын құттықтады. Қиын-қыстау кезеңде аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Оның маңдай терімен келген еңбегі – бүгінгі бейбіт күніміздің негізі. Бүгінгі ұрпақ – сол жанқияр ерліктің куәсі әрі жалғастырушысы. Тарихты құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік! #ТылАрдагері #ЕрЕңбегіЕлЖадында #ЖеңісКүні #Музей #Құрмет
Бүгін Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, “Ерлікке тағзым” атты Республикалық акция аясында Катонқарағай ауданының Қабырға ауылы маңындағы ескерткішке тазалау жұмыстарын жүргізді. Музей қызметкерлері ескерткіш маңын тазалап, жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізіп қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіруге жол ашады. ⠀ Бұл игі бастама – ерлердің есімін ұмытпай, олардың рухына құрмет көрсету. Ұлы Отан соғысында жанын қиған бабаларымыздың ерлігі – мәңгілік жадымызда. ⠀ #БерелМузейі #ҰОС80жыл #ЕрліккеТағзым #ТарихтыҚұрметте #ҰрпақПарызы

На сайте

Сейчас на сайте 36 гостей и нет пользователей