«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері Самашев Самат Қайроллаұлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының заңгері — Орынбекова Асемгуль Орынбекқызы қызметкерлер арасында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық туралы жиын өткізіп, оның алдын алу бойынша бірқатар кеңестер берді. Қызметкерлерге жадынамалар таратылды.
ШҚО, Білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұлдыз негізгі орта мектебінің" оқушылары “Берел” музей-қорығын тамашалады. Оқушыларға арнайы тақырыптық экскурсия жүргізілді.

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай , ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен , “Берел” музей-қорығының бас есепшісі Сегізбаева Сара Алтайқызы марапатталды. 

💡Музейлер– біздің әлем туралы түсінігімізді қалыптастыру үшін білім мен зерттеулер біріктірілген кеңістік.

⚜️“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында, 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай, «Музейлер, білім және зерттеулер» тақырыбында іс-шара өтті. 

⚜️Келушілер мереке күні , музей қызметкерлерін құттықтап, жылы лебіздерін тілектер кітабына қалдыруда. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Осы ұлы мереке қарсаңында “Берел” музей-қорығының ұжымы тыл еңбеккерлері, Катонқарағай ауданының тұрғындары - Есеева Сара апамыз бен Урсаринова Шолпан апамызды құттықтап қайтқан болатын. 

На сайте

Сейчас на сайте 31 гость и нет пользователей