Піл сүйегінің түсіне ұқсас, ортасында тесігі бар. Диаметрі -- 4 см. Бүйірлері жұмырланған. Ортасында саңылауға орнатылған металл саңылауышы бар: қалпақшасының диаметрі -- 0,7 см, өзегінің ұзындығы -- 1,6 см. Сақталу күйі өте жақсы.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғаннан табылған.


