Қыздардың сәндік әшекейлерінің бірі. Тарақ көп тісті, ұзын әрі жіңішке тістері бар. Тістер орта тұсынан басталады. Тістердің ұзындығы -- 4,5 см, ені -- 0,3 см. Тарақтың жалпы ұзындығы -- 9,5 см, ені -- 7 см. Пішіні -- трапеция тәрізді, жоғарғы бөлігінде тесігі бар. Тістер саны -- 15.
Мерзімделу уақыты -- б.з. 7--8 ғғ.
2016 жылы №81 қорғанды зерттеу кезінде табылған.


