ыы

BR22082476 Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық зерттеулер, қорғау, 3 D сандау және музейлендіру жобалары

 

Жоба жетекшісі::

Кариев Елдос Мақсатұлы

Author ID в Scopus 57196192516

ORCID ID 0000-0003-0781-7497

 

Жоба Қазақ Алтайының, нақты айтсақ Шығыс Қазақстан облысының Катон-Карағай, Үлкен Нарын, Алтай аудандары және Риддер қалалық әкімшілігінің аумағындағы түрлі мерзімдік мәдениеттерге тиесілі ескерткіштерді пәнаралық кешенді зерттеуге, қорғауға, сандауға және мұражайландыруға бағытталған. Көрсетілген сипаттағы зерттеулер шеңберінде жоба, біріншіден, кең мәдени шекке жататын ескерткіштердің заттай және рухани мәдениетіндегі сабақтастық мәселелерін зерделеу хақында нақты этномәдени тиесілілігін жан-жақты анықтау тұрғысынан академиялық зерттеуді, көне және ортағасырлық қоғамдастықтардың әлеуметтік жіктелуін сараптауды жүзеге асыруды, сондай-ақ аталмыш өңірдің мәдениеті, өнері, әскери ісі, шаруашылығы және тұрмыстың басқа да маңызды жәйттарын көршілес аумақтардағы ескерткіштермен тығыз байланыста қарастыруды мақсат етуде. Екіншіден, жоба шеңберінде тарихи-мәдени мұраны (ТММ) сақтау бойынша қорғау және насихаттау сипатындағы бірқатар маңызды шаралар мен іс-қимылдар орындалады. Үшіншіден, қазба жұмыстарымен қатар қоныстарды, жерлеу-аза тұту ескерткіштерін іздестіру және археологиялық нысандардың толық тізімін жасау тұрғысынан егжей-тегжейлі археологиялық барлау жүргізілетін болады. ТММ-ны қорғау, насихаттау және бір жағынан коммерцияландыру аясында бірқатар көрнекті археологиялық ескерткіштерді сандау және мұражайландыру жобаларын жасау көзделуде. Жоспарланған зерттеулер пәнаралық сипатқа ие және келесі жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың ықпалдастығын көздейді – тарих, физика, биология, генетика, антропология, геодезия және т.б. Аталғанның бәріне археология жетекшілік етеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Ерте және кейінгі қоғамдастықтардың мәдени дамуының кең көлемді мәселелерін сараптау аясында көне және ортағасырлық археологиялық ескерткіштерді кешенді пәнаралық ғылыми зерттеу, тарихи-мәдени мұраны қорғау-құтқару бойынша іс-шаралар кешені мен сандау және мұражайландыру жобаларын жүзеге асыру.

Бағдарламаның міндеттері:

- республика мен шетелдің мұрағаттық және кітапханалық қорларында жоба аясында жұмыстар кешенін атқару;

- Шығыс Қазақстан облысының Катон-Карағай, Үлкен Нарын, Алтай аудандары мен Риддер қалалық әкімшілігінің аумағында тыңғылықты барлау жұмыстарын жүргізу;

- қоныстық және жерлеу-аза тұту сипаттарындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу;;

- иелікке түскен материалдарды жаратылыстану ғылымдары әдістерімен өңдеу бойынша зертханалық-камералдық зерттеулердің жыл сайынғы кешенін жүргізу;;

- зерттеу нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді жан-жақты салыстырмалы-тарихи талдау және игеру; - тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған қорғау және алдын алу шаралар кешенін жүзеге асыру, аталған апаттық-құтқару қазбалармен қатар;;

- мақалалар мен баяндамаларды жариялау арқылы алынған нәтижелер кешенін ғылыми айналымға жыл сайын енгізу:;

- Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жариялау;;

- сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жариялау;;

- сонымен қатар ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша республикалық және халықаралық сипаттағы «Марғұлан оқулары», «Оразбаев оқулары», «Есік оқулары» және басқада кезекті/кезектен тыс ғылыми жиындарда баяндамалар жасалады;;

- республикалық және жергілікті БАҚ-да және әлемдік әлеуметтік желілерде жоба бойынша жұмыс барысы мен қорытындыларды жариялау;;

- жыл сайынғы зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми және басқада аралық пен қорытынды сипаттағы есептерді дайындау және тапсыру;

- «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық археологиялық универсумы (кешенді пәнаралық ғылыми ізденістер мен қорғау жұмыстарының қорытындылары)» атты ұжымдық монографияны басылымнан шығару;

- «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық ескерткіштерінің археологиялық картасы мен жинағы: Катон-Карағай, Үлкен Нарын, Алтай аудандары және Риддер қаласының әкімшілік аумағы» анықтама-кітабын баспадан шығару;

- ең көрнекі археологиялық ескерткіштерді сандау бойынша 3D жобаларын дайындау (зерттеулер барысындағы таңдауларға сай);

- зерттеу барысында таңдалған ескерткіштердің мұражайландыру жобаларын жасау (мұражайландыруға дейін консервация және рекультивация шараларын жүргізу);

- үш жылдық зерттеулердің қорытындысы бойынша «Еуразия тарихи-мәдени кеңістігіндегі Алтай» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны онлайн түрде өткізу.

Түпкілікті нәтижелер:

Бағдарламаны іске асыру бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және отандық және шетелдік ғылыми ортада оң қабылданады.

- республика мен шетелдің мұрағаттық және кітапханалық қорларда жұмыс істеу нәтижесінде Алтай және Еуразия көне және ортағасырлары бойынша кең көлемді мәліметтер жиналып, деректердің электронды базасы құрылады;
- археологиялық ізденістердің нәтижелері бойынша әртүрлі көлемдегі және санаттағы 58 археология ескерткіш зерттелетін болады;
- ШҚО төрт ірі әкімшілік аумағы шегінде отырықшы мәдениеттер мен жерлеу-аза тұту ескерткіштері анықталып, есепке алынып, мемлекеттің қорғауына алынады;
- археологиялық жүздеген бірегей ескерткіштер сақталып, жойылу қауіпі алынып, сандау және мұражайландыру жобасы орындалып, қорғаудың алдын алу сипатындағы шаралары кешені жүзеге асырылатын болады;
- Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық халқының материалдық мәдениетін, шаруашылығын, тұрмысын, діни-наным сенімдерін, дүниетанымы мен мәдениетін сипаттайтын жәдігерлердің бірегей үлгілері иелікке түсіп, сақталады және қалпына келтіріледі;
- Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланатын болады;
- сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады;
- сондай-ақ жыл сайынғы халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында алдын ала қорытындылар бойынша баяндамалар жасалатын болады;
- «Қазақ Алтайының Ежелгі және ортағасырлық ескерткіштерінің археологиялық картасы және жинағы: Катонқарағай, Алтай, Күршім аудандары және Риддер қалалық әкімшілігінің аумағы» анықтама-кітабы баспадан шығарылады;
- «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық археологиялық универсумы (кешенді пәнаралық ғылыми ізденістер мен қорғау жұмыстарының қорытындылары)» атты ұжымдық монографияны басылымнан шығады;
- Қазақ Алтайының ескерткіштерінің 3D сандауын дайындау жүзеге асады;
- Қазақ Алтайының бірқатар ескерткіштерін толық мұражайландыру жобалары дайындалады;
- әлемдік ғалымдардың қатусуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн түрде өткізіледі;
- бағдарламаны жүзеге асыру барысында алынған ғылыми нәтижелер отандық ғылымдағы Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихына қатысты өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қосады;
- бағдарламаны іске асыру қорытындыларын халықаралық деңгейде қорғау, БАҚ және әлеуметтік желілерде насихаттау жұмыс нәтижелерін тікелей пайдаланушылар: ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында таратуға ықпал ететін болады және еліміздің ғылыми беделіне оң әсер етеді;
- жоба бойынша зерттеу нәтижелері Алтай және Қазақстан тарихы, археологиясы, және мәдениеттануы бойынша ғылыми еңбектерді, жоғары оқу орындарының арнайы курстарын және мектеп оқулықтарын дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін, докторанттар мен магистранттар, ең алдымен бағдарлама қатысушылар диссертацияларын дайындау кезінде пайдаланатын болады;
- жобаны іске асыру нәтижелері оқушыларды, студенттерді, әскери оқу орындарының курсанттарын (ата-бабалар батырлығымен сабақтастық) және т.б. патриоттық тәрбиелеу үшін көмекші құрал ретінде қолданылады;
- зерттеу барысында алынған тарихи жәдігерлер ҚР мұражайларының қорлары мен экспозицияларын толықтырады, бұл мәдени мұраны сақтауға бағытталған ұлттық бағдарламалардың идеяларын қалың жұртшылық арасында насихаттауға және таратуға ықпал етеді;
- бағдарлама жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың тығыз ықпалдасуына ықпал ететін болады;
- зерттелген ескерткіштер ақылы экскурсиялық және туристік маршруттарға енгізіліп және бұл зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың бір мысалы болады;
- бағдарламаны іске асырудың оң әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік әсері жоғары дәрежеде болуы сөзсіз: өңірлік ғылыми кадрлар мен жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, техника және т.б. жалдау және т.б. жүзеге асырылады және бұл ауыл округі экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады және мемлекетке мультипликативтік қайтарымға әкеледі, жоба қызметкерлері пәнаралық сипаттағы жаңа дағдыларды меңгереді;
- бағдарламаны іске асыру елдің халықаралық сақынадағы жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар салаларындағы, мәдениет салаларындағы, бірінші кезекте адамзаттың заттай және заттай емес мәдени игілігін сақтау және репрезентациялау саласындағы беделінің өсуіне елеулі ықпал етеді.

Онлайн кім

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр