Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеген. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Ұлы жеңіске 76 жыл толуына орай, “Берел қорық - музейі” қызметкерлері Жамбыл ауылдық округіне қарасты, Берел ауылының тұрғындары Райсов Мәнап - тыл еңбеккері атамызды, Мусина Зейнеш - тыл еңбеккері апамызды мерекемен құттықтап, баталарын алып қайтты. Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға зор денсаулық, береке мер бірлік, ырыс пен толағай табыстар тілейміз! Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” ұжымы.

Онлайн кім

Қазір 140 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр