22 07 2016

Үстіміздегі жылдың 10-20 шілде аралығында «Алтын Алтай - аймақ дамуының басты байлығы» жобасы аясында Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Көшпенділер» атты халықаралық лэнд-арт симпозиум өтті.

Лэнд-арт атты өнердің ерекшелігі сол, бұл өнер табиғатпен, қоршаған ортамен біте қайнасқан. Бұл жанрды жанына серік еткен суретшілер тек қана табиғи дүниелерді пайдаланады. Шара барысында бес елден (Ресей, Белоруссия, Словакия, Словения, Қырғызстан және Қазақстаннан) арнайы келген суретшілер Берел қорығы аумағында бір апта бойы жасаған туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Олар осы уақыт аралығында 14 нысанды тұрғызылды.

Суретшілердің қолынан шыққан 14 туындының, өздерінің тілімен айтсақ, 14 арт-нысанның сипаты әртүрлі болғанымен барлығының өзегі біреу - көшпенділер өмірі. Суретшілердің бірі сақ қорғандарынан табылған атты бейнелесе, енді бірі шамандардың тұрғын жайын, бірі жаугершілік заманда қолданылған дабыл қағатын орынды өз туындысына арқау етіпті. Лэнд-арт симпозиум барысында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Берел тарихын сипаттайтын көрме әкеліп, халық назарына ұсынды.

Сонымен қатар шара аясында Серебрянск қаласындағы жетім балаларға арналған түзеті мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне жазғы демалыс ұйымдастырылды. Есімдері әлемге әйгілі суретшілермен бірлесе жұмыс атқару оқушыларға өте қызықты болды. Түзету мектеп-интернатының директоры интернаттың барлық тәрбиеленушілерінің атынан үлкен алғысын білдіріп, болашақта осындай әлеуметтік жағдайлары төмен балаларға арналған шаралар көптеп болса деп өз тілегін айтты.

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр