01 09 2015

Ел үшін тигізер пайдасы мол, мәдениет саласында тиімді жұмыстар атқару мақсатында ШҚО, Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК директоры Е.К.Жұмағұлов пен ШҚО, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің гуманитарлы–құқықтық факультетінің деканы А.М.Мамырбеков арасында төменде көрсетілген іс-шаралар бойынша бірлесе жұмыс атқару үшін келісім жасасты.

Мрандумның негізгі нысаны: мәдениет және ғылым саласында бірлесе отырып іс-шаралар өткізу болып табылады және келесідей бірлескен жұмыстар атқарылады деп жоспарланған: Алтай өңірінде орналасқан Берел жазығындағы ерте темір дәуіріне жататын сақ обаларын қазуда бірлесе жұмыс жасау; осы қазылған және қазылатын обалар мен жәдігерлер жайлы бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау; тәжірибе алмасу мақсатында екі жақты кездесулер, ғылыми конференциялар, отырыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және белсене қатысу; екі жақты келісілген басқа да келісімдер жасасу.емо

Онлайн кім

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр