Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 18 сәуір - Халықаралық ескеркіштер мен тарихи орындар күніне орай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылауға арналған отырыс өтті.
⚜️“Берел” музей-қорығы 2021-2023 жылдарға арналған ғылым, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысқан.
✅ 2021 жылғы 24 мамырдағы «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің № 8 отырысында Біздің музейдің 2 ғылыми жобасы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алған болатын.
Аталмыш ғылыми жобалар:
1. Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: Ұлы қоныс аударудың және Еуразияның этномәдени құрылымының бастаулары
2. «Тарбағатай тау етектері мен Шілікті алабының ежелгі ескерткіштері».
⚜️ Бағдарламаны іске асыру Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдығына (II-V ғғ.) тиесілі археологиялық ескерткіштерін кешенді зерттеу халықтардың жаһандық көші-қоны феноменінің бастауларының және Еуразияның ауқымды бөлігіндегі этностар мен мәдениеттердің қалыптасуы жайлы ғылымы мен мәдениеті үшін маңызды әрі жан-жақты нәтижелер әкелді.
✅ Жобаны жүзеге асыру барысында 2021-2023 жылдары 17 ғылыми мақала шығарылып, «Қазақ Алтайының Хунно-сяньбэй ескерткіштері» тақырыбында монографиясы дайындалды. Музей-қорықтың қорына 165 жәдігер өткізілді.
✅ Екінші ғылыми жоба бойынша, Тарбағатай тау етектерінің қола, ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер туралы мәліметтер жинақталды.
⚜️ Қола және ерте темір дәуіріне жататын Айнабұлақ-Темірсу 1 қорымындағы екі археологиялық ескерткіштер зерттеліп, көрсетілген дәуірдегі халықтың өмірі мен дүниетанымы бойынша ауқымды ғылыми деректер алынды.
✅ Қазылған обаларға қайта рекультивация жұмыстары жүргізілді.
https://berel-museum.kz/en/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/751-18-s-uir-khaly-araly-eskerkishter-men-tarikhi-oryndar-k-ni.html#sigProId1c03a9b404