«Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығында» 28 шілде күні «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты болып өтті. Көшпелі көрмеге «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының» қорынан, Тарбағатай тауының етегіндегі Шілікті және Елеке сазы қорымдарының қазба жұмыстарынан алынған төрт жүзден астам жәдігер қойылды. Көрмеде біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырдағы Шілікті Бәйге төбе қорғанынан табылған Алтын адамның реконструкциясы басты орын алады. Қайта қалпына келтіріп, құру жұмыстарын археолог А.Т.Төлеубаев пен реставратор К.К.Алтымбековпен жүргізілді. Ашылу салтанатына «Берел» музей-қорығы»әкімшілігі және «Сарайшық» музей-қорығының» директоры, Қазақстанның әр өңірінен келген қонақтарымыз қатысты.

Көрме алдағы бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады. 

Who's Online

We have 259 guests and no members online