- Информация о материале
- Автор: admin
Берел қоршауларынан жеңіл қаруланған жауынгерге шабуылдауға және жақын арадағы шайқастарды жүргізуге арналған қарапайым, бірақ қызықты қару жинағы шығады. Қару-жарақтардың қатарына темір мен сүйектен жасалған жебе ұштарын жатқыза аламыз.
№ 90 қоршаудан үш сүйек пен бір темір жебенің ұшы, № 40А қоршаудан екі үш жүзді жапырақша және бір деңгейлі темір жебе ұшы, № 81 қоршаудан жалпақ үшбұрышты ромб тәрізді қауырсыны бар бір темір жебенің ұшы табылған.
Берел. Б.д. I мыңжылдықтың басы (2– 5 ғғ.)
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған.
Фотосуретте: Қоршау 90 - 1,6,7,8; қоршау 40А - 2, 4,5; қоршау 81 – 3.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProId4c2421dd19
- Информация о материале
- Автор: admin
📆 “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен археологиялық қазба жұмыстарына 25 жыл толуын мерекелеу аясында,
“Шығыс Қазақстан өнер музейі” КМҚК-да Берел музей-қорығының қорынан ұйымдастырылған “Берел қазыналары” атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.
⚜️Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен тарих факультетінің студенттері , қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
✅Көрмеде Берел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған 200 ге жуық жәдігер мен Есенғали Садырбаевтың суреттер топтамасы қойылды.
✅ Көрме ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады.
📍Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47а.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProId50128e8cd5
- Информация о материале
- Автор: admin
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProIdf5fb40c971
- Информация о материале
- Автор: admin
🗓️ 2023 жылдың 27 қазан күні ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан музей қызметкерлерінің I конгресі өтті.
Оған “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Сегізбаева Жәния Меирқызы қатысты.
⚜️ I Конгрес аясында “Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы және музей ісі” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренциясы мен “Музей заттарын қалпына келтіру және жаңғырту” тақырыбындағы семинар-практикум ұйымдастырылды.
✅ Аталмыш іс-шараның соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProIdd66bc7a268
- Информация о материале
- Автор: admin
🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Республика күніне орай “Археологтар ізімен” атты сабақ өткізді.
✅Арнайы сабақ Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев мектебі” КММ-де ұйымдастырылды.
✅Сабақ барысында оқушылар Берел қорғандарының тарихымен танысты. Әр жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары көрсетілді.
Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.
“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProId630b833736
- Информация о материале
- Автор: admin
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәрісті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы өткізді.
✅ Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау болды.
✅ Онлайн дәріске музейдің ғылыми-зерттеу, қор сақтау, экскурсиялық қызмет көрсету сынды бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProId385fb00bee
- Информация о материале
- Автор: admin

Ұлы мұрамыздың белгісімен біргеміз. Біз тарихымызды мақтан тұтамыз, өткенімізді ұмытпай, болашақты жасаймыз.
Бізбен бірге болыңыздар!
- Информация о материале
- Автор: admin
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен “Ботай” музей қорығының 5 жылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында “Берел қазыналары” атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.
⚜️ Көрмеге Берел қорымдарынан сыр шертетін 200 -ге жуық жәдігер қойылды.
✅ Көрме ағымдағы жылдың 5 қарашасына дейін жалғасын табады.
https://berel-museum.kz/ru/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar.html?start=136#sigProIdfe0eb7440c
На сайте
Сейчас на сайте 55 гостей и нет пользователей



