ыы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде Таза Қазақстан ақциясы жүріп жатыр. 

“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы бұл акцияны қолдай отырып, 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні және 20 сәуір-

Киелі мекен күніне орай музей-қорық аумағында тазалық жүргізді. 

Бұл акцияны қолдаудағы басты мақсатымыз - экологиялық мәселелерге назар аудару, тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау болып табылады. 

Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 18 сәуір - Халықаралық ескеркіштер мен тарихи орындар күніне орай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылауға арналған отырыс өтті. 

⚜️“Берел” музей-қорығы 2021-2023 жылдарға арналған ғылым, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысқан.

✅ 2021 жылғы 24 мамырдағы «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің № 8 отырысында Біздің музейдің 2 ғылыми жобасы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алған болатын.

Аталмыш ғылыми жобалар:

1. Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдық басының ескерткіштері: Ұлы қоныс аударудың және Еуразияның этномәдени құрылымының бастаулары 

2. «Тарбағатай тау етектері мен Шілікті алабының ежелгі ескерткіштері». 

⚜️ Бағдарламаны іске асыру Қазақ Алтайының б.д. І мыңжылдығына (II-V ғғ.) тиесілі археологиялық ескерткіштерін кешенді зерттеу халықтардың жаһандық көші-қоны феноменінің бастауларының  және Еуразияның ауқымды бөлігіндегі этностар мен мәдениеттердің қалыптасуы жайлы ғылымы мен мәдениеті үшін маңызды әрі жан-жақты нәтижелер әкелді.

✅ Жобаны жүзеге асыру барысында 2021-2023 жылдары 17 ғылыми мақала шығарылып, «Қазақ Алтайының Хунно-сяньбэй ескерткіштері» тақырыбында монографиясы дайындалды. Музей-қорықтың қорына 165 жәдігер өткізілді. 

✅ Екінші ғылыми жоба бойынша, Тарбағатай тау етектерінің қола, ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер туралы мәліметтер жинақталды. 

⚜️ Қола және ерте темір дәуіріне жататын Айнабұлақ-Темірсу 1 қорымындағы екі археологиялық ескерткіштер зерттеліп, көрсетілген дәуірдегі халықтың өмірі мен дүниетанымы бойынша ауқымды ғылыми деректер алынды. 

✅ Қазылған обаларға қайта рекультивация жұмыстары жүргізілді. 

Наурызнаманың қорытынды күні “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акцияны қолдау мақсатында музей-қорық аумағында тазалық жұмыстарын өткізді.

Наурыз мерекесі Катонқарағай төрінде тойланды. “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Аудандық әкімшілік және мекемелермен бірлесе “21 наурыз - Ұлыстың ұлы күні” атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Аудан орталығында стильді этноауыл құрылып, “Берел” музей-қорығының қорынан этнографиялық заттармен безендірілді. Іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, мерекелік атмосфераны ән мен күй жалғастырды.
Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке - Наурыз. “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы 19 Наурыз - Жаңару күнінің қарсаңында гүл егуді жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін қазақ - жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеуде.
Биыл Наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 17 наурыз - Шаңырақ күні болып белгіленді. Соған орай, “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Берел ауылының тұрғындары, үлгілі отбасы Қасымханов Абылайхан мен Мурындықова Пануды мерекемен құттықтады. Бүгінде 30 жыл отасып, өнегелі ұрапақ тәрбилеп отыр. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналды.

На сайте

Сейчас на сайте 94 гостя и нет пользователей