ыы

❇️ Еліміздің бірнеше облыстарын, соның ішінде Шығыс Қазақстанды, Катонқарағай ауданын және “Берел” музей-қорығын аралады.

✅ Қазақстанға арналған фотосуреттер топтамасын дайындады.

⚜️ Үлкен турдың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 45 түпнұсқа фотосуреттен тұратын «Енді мен сені көріп тұрмын» көрмесі дайындалды. Барлық жұмыстар француз фотографы Адель Желанскийдің Қазақстанда 2023 жылы бүкіл ел бойынша саяхаттаған шығармашылық резиденциясы аясында жасалған. 

Жоба Қазақстандағы Француз альянсы, Esentai Gallery Art Future және Айтас форумымен ұйымдастырылған. Көрме 2023 жылдың 8 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

🗓️ Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-нің оқушылары, ата-аналары мен мектеп ұжымының назарына , ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” атты кітап көрмесі ашылғандығын жеткіземіз. 

⚜️Көрме “Берел” музей-қорығының қоры мен мектеп кітапханасы ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында өтуде. 

🗓️ Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-нің оқушылары, ата-аналары мен мектеп ұжымының назарына , ҚР Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіз елдің ұрпақтары” атты кітап көрмесін ұсынамыз. 

⚜️Көрме “Берел” музей-қорығының қоры мен мектеп кітапханасы ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында өтеді. 

⚜️Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-сінің кітапханасы. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде” “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабағын облыстық семинар практикум негізінде өткізді. 

Іс-шара барысында 6,7,8 сынып оқушылары баяндама жасады. 

Мектеп музейінде “Берел” музей-қорығының қорынан көрме ұйымдастырылды. 

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Музей-қорықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Асемгуль Орынбеккызы Орынбекованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Катонқарағай ауылының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел парасат жолы орталығында өтті. Іс-шараның соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін арттыру туралы мәселелерді талқылады.

🗓️ 2023 жылдың 6 желтоқсан күні “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

⚜️Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің” 6-11 сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылды.

✅Мақсаты- оқушыларды Берел қорымынан табылған археологиялық материалдардың негізінде ежелгі көшпенділер дәуірінің ақпараттық бірегей және көркемөнерлілігі жағынан үздік құндылықтарымен таныстыру болып табылады. 

9-8 сынып оқушылары “Өр Алтайдағы Берел қорымы-шығыстың мақтанышы” және “Жаhандық әлемдегі Берел қорымының мәдени мұрасын репрезентациялау” тақырыптарында баяндама жасады. 

Іс-шара соңында экскурсия бөлімінің басшысы А.Мухтарханов пен бас қор сақтаушы Ж. Сегізбаева белсене қатыстан оқушыларға Алғыс хаттарды табыстады. 

Сонымен қатар, мектеп музейінде “Берел” музей-қорығының қорынан бірқатар жәдігер ұсынылды. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Катонқарағай ауданының Өрел ауылына қарасты “Өрел орта мектебі” КММ оқушыларына тарихи-танымдық сабақ ұйымдастырылды. 

Оқушылар музей-қорықтың тарихымен танысып, Берел қорғандары жайлы ақпараттар алды. 

Сабақ “Берел” музей-қорығының кітапханасында өтті. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Алтай қаласының 11 мектеп оқушыларына  “Берел-бедерлері” тақырыбында тарихи танымдық сабақ өткізілді. 

Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпелілердің маңызы мен мәдениеті жайлы өткен сабақта оқушылар 2023 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен және “Берел” музей-қорығынан алған әсерлерімен бөлісті. 

“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі. 

На сайте

Сейчас на сайте 55 гостей и нет пользователей