Институт археологии имени А.Х.Маргулана Комитета науки МОН РК 12-14 апреля 2022 года в г.Алматы организовал международную научно-практическую конференцию «Маргуланские чтения – 2022».

Сарбасов Алмас Тлеужанович, исполняющий обязанности директора РГКП «Государственного историко-культурного музея-заповедника «Берел» Комитет Культуры Министерства Культуры и спорта Республики Казахстан выступил с докладом “Берел музей-қорығының 2018-2021 жж. жүргізген қазба жұмыстары”.

Докладчики и слушатели ознакомились с раскопками, проведенными музеем-заповедником «Берел» в 2018-2021 гг.

“Адалдық алаңы” жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен “комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру жолдары” тақырыбында “ZOOM” платформасында жиын өтті. 

Жиын барысында, Комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және өзге де құқықтық актілерді негізге ала отырып, жүйелі жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.

“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейі 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, “Саяхат жетекшілерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы” музей ішіндегі көрме ұйымдастырылды. Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Әрбір өлкенің тарихи - мәдени орталықтары, сол өлкенің табиғаты, тарихы, өнері мен мәдениетіне баса назар аударту мақсатында, экскурсиялық топпен жұмыс жасайды. Осы мақсатта, Катонқарағай аудандық туризмді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен біріккен, жас және тәжірибелі саяхат жетекшілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы болды. Экскурсия мәтініне нақты тоқталып, әдістемелік жетілдіру нұсқамаларына баса назар аудартылды.

________________________

 “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, “Халықаралық музей күніне” орай, музей аумағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, шырша көшеттерін отырғызды. 

_______________________

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді.

Киелі Катонқарағай төрінде орналасқан, музей аумағын көгалдандырып, көшет отырғызу әрбіріміздің азаматтық борышымыз!

“Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” жыл сайын 18 мамыр күнін атап өтеді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, “Халықаралық музей күніне” орай, басшылық қызметкерлерге атқарып жүрген елеулі қызметтері үшін алғыс айтып, алғыс хаттарымен марапаттады.
Музей - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме және заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Барша музей қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Жұмыстарыңызға мол табыс және жетістіктер тілейміз! Құрметпен: “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” ұжымы.
Тақырыбы: “Өткеннің қазынасы - болашаққа”

На сайте

Сейчас на сайте 140 гостей и нет пользователей