“Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі”. Н.Назарбаев. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні - 18 сәуірде 1984 жылдан бері атап өтіледі. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші! Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Осы орайда, “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі” 18-сәуір “Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне” орай, Музей ұжымы біріккен сенбілік өткізді. Өз өлкеміздің тарихи орны болып табылатын “Берел” қорық - музейі” айналасына және өлкедегі табиғи құндылық болып табылатын “Әулие бұлақ” пен мекеме айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн форматта былтыр Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше атсалысқан тұлғалармен жүздесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады. "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің" әдіскері Қайнаров Төлеген Қайнарұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Семей қаласында «Алтын-Алтай» атты көрме ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін аталған марапатқа ие болды. Мемлекет басшысының Алғыс хатында, - "Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс - шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Аталған мерейтойлар аясында қазақстандықтардың, әсіресе жас ұрпақтың санасына ұлы тұлғалардың өнегесін сіңіруге, тағлым алуға елеулі жұмыс жүргізілді. Бірқатар шетел халқын хакім Абайдың және ұлы ойшыл әл - Фарабидің мұрасымен қатар, отандық мәдениет пен өнердің жетістіктерімен таныстырудың зор мүмкіндігі туды. Тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін!" делінген. Жиын соңында Ақтоты Райымқұлова марапатталған азаматтарды құттықтап, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды айтулы тұлғаларымыздың мол мұрасын насихаттау жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
🔶️Мейірімділік пен қамқорлық халқымызда ата - бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл қасиетіміз. Адамдар бір-біріне қайырымдылық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылыққа арналған іс-шаралар мен жобалар елімізде көптеп кездеседі. Осы сияқты қайырымдылыққа толы іс-шараны «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 2015 жылдан бері Катонқарағай ауданы бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, жыл сайын «Батаменен ел көгерер» деген атпен үйлерін аралап, сыйлықтар, тәттілер таратып, ел алғысын алып келгенді. 📝🔷️ «Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі» аясында, музей қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша, Катонқарағай ауылы және Берел ауылының мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға сыйлықтар және киім-кешек беріп алғыстарын алып қайтты. Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген даналық сөз бар, олай болса, адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігімізбен қайырымдылығымызды әркез арқау етіп жүрейік. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
Білім беру мен білім алу балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақша - тəрбие алудың алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. 📌 «Берел мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - музейі» мен Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай – балабақшасы ұйымдастырған "Наурыз айы - балалар үшін басты мереке" атты бағытты қамти отыра, "Наурыз - мереке, Наурыз - береке" тақырыбында, Ұлыстың ұлы күні Әз - Наурыз мерекесі тойланып өтті . 💡 Наурыз мейрамының 10 күндігімен құттықтай отыра, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретіп жүрген балабақша тәрбиешілеріне алғыс айтып, тәрбиеленуші жас бүлдіршіндерге «Наурыз қоржын» сыйлықтарын табыс еттік. Бала - болашағымыз, бала – қуанышымыз. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің» суретші-реставраторы Бақытбек Джалымбековтың жетекшілігімен қаңтар айының 12 - күні «Жәдігерлерді қалпына келтіру және музейдің имидждік өнімдерін жасауды шеберлік сыныбында іске асыру» атты шеберлік сыныбы болып өткенді. 📌 Қазіргі таңда Бақытбек Джалымбековтың шеберханасына қызығушылықтары артып, келіп жүрген оқушылар саны жетерлік. Наурыз мейрамы – жергілікті қоғамдастықтың, тату көршілердің мерекесі қарсаңында, үйірме жұмысының әрмен қарай дамуына музей ұжымы және Бақытбек Джалымбековтың ойларынан туындаған қолөнер бұйымдарының үлесі орасан зор. Өзімен бірге еріп жүрген шәкірттеріне шеберліктің оң қырын көрсетіп жүрген қызметкер өз шәкірттерімен шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына» орай, әр түрлі тақырыптағы туындыларын онлайн және офлайн форматта ел назарына ұсынды. 💡📃Керемет шеберлік танытқан оқушыларға наурыздың 10 - күндігі қарсаңында, "Шымырлық пен шеберлік", "Зияткерлік күндеріне" орай, Музей ұжымы атынан сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. Музей жанындағы шеберлік сыныбы алдағы уақытта да қолөнер туындыларымен қуанта бермек. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің» - Берел қорғандарын қорғау жəне экскурсиялық қызмет бөлімінің саяхат жетекшілері Наурыз мейрамының 10 – күндігінің «Тарихқа тағзым күніне» орай, «Ақсу орта мектеп» оқушыларына «Тарихты терең бойлаған» атты тақырыпта тарихи-танымдық сабақ өткізіп, көшпелі көрме ұйымдастырды. Тәрбиелік маңызы зор сабақтың басты мақсаты: Берел қорғандарындағы қазба жұмыстарының барысы жəне одан табылған жәдігерлер мен «Берел қорық-музейінің» даму тарихын оқушыларға кеңінен таныстырып, насихаттау. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік жылдарындағы қазба жұмыстарының қаншалықты маңызды рөлге ие екендігі және тоң басқан тарихымызды зерттеуші ғалым – археологтар жайлы ақпараттармен таныстырылып өтілді. #Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көрсетілгендей, «Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» тақырыбындағы бағыттың, «Таза табиғат» акциясын бірден қолдай кеттік. Себебі, бізді қоршаған ортаны таза ұстап, көгалдандыру әрбір Қазақстандық азаматтың табиғат ананың алдындағы қасиетті борышы деп санаймыз. 📌🗓 Наурыз мейрамының 10 – күндігі қарсаңында, «Жайлау күніне» орай, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы бірігіп, музей айналасын қалың қардан тазарту жұмыстарын атқаруға белсене ат салысты. Шығыстың ызғарлы қысы алты айға созылатындықтан, қардың түсу деңгейі əдеттегіден көбірек. Жылдағы дәстүр бойынша, көгалдандыру жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қолға алынады.


#Тәуелсіздікке30жыл #НаурызМәдениетАйы
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтайды.Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Әйел тіршіліктің тірегі, күре тамыры жақсылықтың нышаны. Осындай бір көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын нәзік мерекеде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жыл сайын өз жұмысына тиянақтылықпен қарайтын қызметкерлердің біреуін құттықтауды дәстүрге айналдырған болатын. Биылғы 2021 жылы қырық жылдан астам уақытта өз еңбегін мүлтіксіз орындап келген, Катонқарағай ауылдық қазпошта филиалында қызмет жасап жүрген Танабаева Баған апайымызды құттықтап, сый-сияпатымызды тарту еттік. Ел үшін маңдай терін төгіп жүрген апа-әпкелерімізді бағалай білейік. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

На сайте

Сейчас на сайте 50 гостей и нет пользователей