15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Жанұяның береке-бірлігі – әр баланың болашақ қадамы. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.
15 мамыр күні "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейі" Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, Отбасы күніне орай, көп балалы және жас бүлдіршіндері бар отбасыларға музей көрмесін тамашалауға шақырып, жалпы музей ішіне саяхат жүргізді.
Барша отбасына шын жүректен денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік және түсіністік, шыдамдылық және сәттілік, өркендеу мен мол табыс тілейміз!