
Құрметті отандастар!
Сіздерді Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығының, бейбіт өмірі мен тұрақтылығының кепілі. Ол – еліміздің дамуына, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына негіз болып отырған басты құжат.
Осы мерекелі күні баршаңызға бірлік пен береке, бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілейміз!
Еліміз әрдайым ынтымақ пен татулықтың, тұрақтылық пен жаңарудың символы болып қала берсін.
✨ Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!
Ізгі тілекпен,
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы