Зерттелген Берел ескерткіштерінің ішінде сяньбилердің осында болған кезеңіне жататын 81-нысан бірге жерленген әшекейлердің байлығымен ерекшеленеді.
Сүйек тарақ – қыздың әшекей элементтерінің бірі. Тарақ көп тісті, кішкентай ұзын тістері бар. Тістер ортасынан басталады, ұзындығы – 4,5 см, ені – 0,3 см.Тарақ ұзындығы – 9,5 см, ені – 7 см.Тарақ пішіні трапеция тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар. Тістерінің саны - 15 дана. Б.з. II - V ғғ.
Жоба жетекшісі: Самашев З.
Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған.