🚲 Велосаяхаттаушы Раббим Борашев және оның жұбайы Айзада Борашева “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын тамашалады. Парижден кейін бірден Шығыс Қазақстан облысына келген велосаяхаттаушыларға Берел қорымы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді. ❇️ Қазақстандық велосаяхаттаушы Раббим мен Айзада Борашева 2024 жылғы Олимпиадада жерлестерін қолдау үшін Ақтаудан Парижге велосипедпен аттанған болатын. 4 мың шақырымнан астам жол жүріп өтіп, Триумф аркасында мәреге жетті, оларды Париждегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері мен Францияның қоғам қайраткерлері салтанатты түрде қарсы алған. ✅Бұған дейін Раббим Борашев “Қарт Каспийден - Төр Алтайға” велосипедпен саяхаттаған болатын.

Who's Online

We have 42 guests and no members online