“Берел” музей-қорығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдай отыра, ерекше қорғалатын табиғи ландшафтық аумақта қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияны қолдаудағы басты мақсатымыз - экологиялық мәселелерге назар аудару, тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау болып табылады. Сонымен қатар, Үкіметте “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болып отыр. Ол жайлы ҚР Премьер министрі Олжас Бектенов: «Президенттің барлық бастамалары, оның ішінде экология мен қоршаған ортаны жақсарту, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаты әр адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдауға бағытталып отыр. Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаңа, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс. Экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік орган мен бизнес және бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет. «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру қызметіміздің барлық саласын қамтуға тиіс», — деп атап өтті. Барша Қазақтандықтарды “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдауға шақырамыз!

На сайте

Сейчас на сайте 95 гостей и нет пользователей